Шекара қызметінің директоры Челах ісіне қатысты пікір білдірді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов істі болған Владислав Челахтың Президентке жазған хаты туралы тілшілер сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл оқиға болған жылы тиісті қылмыстық іс тергелген болатын. Атап айтқанда, тергеу амалдары толық жүргізілді. Егер басқа да мәлімдемелер болса, оның мән-жайын қарастыруға болады. Қазір ол не туралы айтқысы келгенін нақты білмеймін», - деді А. Алдажұманов Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Сонымен қатар ол бұл іс бойынша Шекара қызметінің ұстанымы тергеу органдарының дәлелдерімен сәйкес келетінін айтты.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев Владислав Челахтың Президентке жазған хаты жөнінде пікір білдірді.

Былтыр жыл соңында В. Челах өтініші Бас прокуратураға түсті.

Еске сала кетсек, 2012 жылы мамырдың 27-сінен 28-іне қараған түні Алматы облысының «Арқанкерген» шекара бекетінде 14 шекарашы және бір қорықшы қаза тапты.


Соңғы жаңалықтар