Шекара қызметінің бұрынғы директоры Дархан Ділманов ұсталды
2022 жылғы 22 маусым 19:39

Шекара қызметінің бұрынғы директоры Дархан Ділманов ұсталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры болған генерал-лейтенант Дархан Ділманов билікті асыра пайдалану фактісі бойынша ұсталды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

«2022 жылғы 22 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан-Қытай шекара бекеттерінде анықталған билікті асыра пайдалану фактілері бойынша жүргізіп жатқан сотқа дейінгі тергеу шеңберінде бұрынғы ҰҚК Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры генерал-лейтенант Д.А. Ділманов, Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаменті «Нұр Жолы» шекара бақылау бөлімінің бастығы майор Н. Арысбаев және басқа да адамдар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды» делінген хабарламада.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жарияланбайды.

Айта кетейік, 5 сәуірде Мемлекет басшысының өкімімен Дархан Айтқалиұлы Ділманов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры лауазымынан босатылған еді.
Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT