+7 (701) 759 90 19
USD 414.13 EUR 451.40
RUB 5.80 CNY 58.03
Jańalyqtar

Шекара белдеуіне кіруге рұқсатты қалай алуға болады

2020 жылғы 9 қаңтар 15:41
Бөлісіңіз:
Шекара белдеуіне кіруге рұқсатты қалай алуға болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Қазақстан азаматтары мен шекара маңында орналасқан ауыл тұрғындарының шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттама беру тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шекара қызметіне Қазақстан Республикасы азаматтарының және шекара маңында орналасқан ауыл тұрғындарының шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттама алу мәселесі туралы сұрақтар келіп түскен.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру қағидаларына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 ақпандағы №51 қаулысымен өзгертулер енгізілген.

«Аталған жаңа өзгерістерге сәйкес қазіргі уақытта шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру мемлекеттік қызметі электрондық форматта жүзеге асырылады. Осыған байланысты аталған рұқсаттамаларды алу үшін қаулының қосымшаларында көрсетілген құжат үлгілері бойынша «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (Халыққа қызмет көрсету орталықтары немесе EGOV порталы) өтініш беру қажет», делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қосымша ақпаратты және құжат үлгілерін қаулыдан көруге болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Басқа меморгандар, ҚР ҰҚК,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT