«Шекара бақылауда» - Даниал Ахметов коронавирусқа қатысты үрейленбеуге шақырды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов тұрғындарды коронавирусқа қатысты үрейленбеуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазір шекара мен кеден бекеттеріндегі бақылау күшейтілген. Әрине, халықтың алаңдаушылығын түсінеміз. Бірақ барлықтарыңызды үрейленбеуге шақырамын. Себебі әлі Қазақстанда коронавирус жұқтырған ешкім жоқ» - дейді Даниал Ахметов.

Оның айтуынша, өңірдегі жұқпалы аурулар бөлімшелерінде 1000 төсек-орын дайындалған.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-да коронавирустың таралуына жол бермеу үшін жедел штаб құрылғандығы хабарланған болатын.


Соңғы жаңалықтар