+7 (701) 759 90 19
USD 425.48 EUR 494.2
RUB 6.14 CNY 66.67
Jańalyqtar

Шекара аймағындағы жер кәсіпкерлерге берілмейді - АШМ

2017 жылғы 6 сәуір 18:56
Бөлісіңіз:
Шекара аймағындағы жер кәсіпкерлерге берілмейді - АШМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шекара аймағындағы жер кәсіпкерлерге берілмейді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген өзгертулер туралы баспасөз мәслихатында ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары Гүлжаxан Бимендина мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Шекара белдеулерінде ешқандай жер учаскелері берілмейді (...) Аталған аумақтағы жерлер сонда өмір сүретін халық қажеттілігіне ғана беріледі. Бізде шекара белдеуінде орналасқан 2-3 ауыл бар. Сол ауылдың тұрғындарына жерді ауыл шаруашылық мақсатында жалға алуға рұқсат берілген. Ал шекара белдеулеріндегі жерді кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жалға беруге мүлдем тыйым салынады», - деді Г. Бимендина.

Бұған дейін Мемлекеттік шекара белдеуінде және шекара аймағында орналасқан жер телімдерін шетелдіктерге, шетелдіктермен некеге отырған азаматтарға, шетелдік заңды тұлғаларға және шетелдіктердің қатысуы бар заңды тұлғаларға жалға беруге тыйым салынғаны хабарланған еді. Сонымен бірге, заң жобасында қазақстандықтарға ауыл шаруашылығы жерлерін конкурстық негізде жалға беру және берілетін жер аумағының ең жоғарғы мөлшерін белгілеу қарастырылған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT