Шекара арқылы 21,9 миллиард теңгенің құнды заттарын және ақша алып өтпек болғандар ұсталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Өткен жылы Қазақстан шекарасы арқылы құны 21,9 млрд теңге болатын құнды заттарды және алтын мен өзге де бұйымдарды заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды.

Бұл мәліметтерді бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуі барысында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесу барысында комитет төрағасы Президентке өзі басқаратын ведомствоның өткен 2022 жылы атқарған жұмыстары туралы есеп берді.

«Мемлекеттік құпияларды қорғау жүйесін дамыту жөнінде кешенді шаралар іске асырылды. ҰҚК техникалық қызметтері аса маңызды инфрақұрылым объектілеріне жасалған 341,8 миллион кибер және 2 954 DDoS-шабуылға тосқауыл қойды»,-деді Ермек Сағымбаев.

Сондай-ақ ол бір жылда мемлекеттік шекараны бұзған 15 603 адам ұсталғанын мәлім етті.

«Шекара арқылы құны 21,9 миллиард теңгенің валютасы, алтын және өзге де құнды тауарларды заңсыз алып өтпек болғандардың жол кесілді»,-деді ол.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы ұлттық қауіпсіздік органдары қызметінің бағыттары бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.


Соңғы жаңалықтар