USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Ішегі қата күліп отырған: Павлодарда автобус жүргізушісі есірткі қабылдап алған

2021 жылғы 27 қараша 23:15
Бөлісіңіз:
Ішегі қата күліп отырған: Павлодарда автобус жүргізушісі есірткі қабылдап алған

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодарда автобус жүргізушісі есірткі қабылдап, рульге отырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысында көлік апатын жасаған полиция қызметкері қамауға алынды Жаппай тәртіпсіздік: Әкімдік ғимаратына кірген екі көпбалалы ана үйқамаққа алынды «ӨКМ Оператор» ЖШС басқарушы директорының мүрдесі табылды

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Нұрмағамбетов көшесінде бағдаршамға тоқтап тұрған «ПАЗ-32053» автобусы жүргізушісінің оғаш мінезіне назар аударған.

Салонда ешкім болмаса да, жүргізуші қолдарын ербеңдете бұлғап, шегі қата күліп, үнемі айналасына жалтақтаумен болған. Полицейлер тексеру үшін автобусты тоқтатты.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, медициналық куәландыру жүргізушінің есірткіге елітіп алғанын растады.
Жүргізушінің айтуынша, ол ауырып тұрғандықтан, есірткіні ауырсынуды басу үшін қабылдап алған.
Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 608-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды.
Көлік құралы арнайы айып тұрағына қойылды. Материал сотта қаралып, сот қаулысымен жүргізуші 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды, сондай-ақ 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.
Айта кетейік, биыл мас күйінде көлік жүргізгені үшін облыста 1310 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT