Shazam қазақ әндерін бейтаныс әуенді тану қосымшасына қосуға дайын

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейтаныс әуеннің атауын тауып беретін Shazam қосымшасының негізін қалаушы Крис Бартон тану тізіміне қазақ әндерін де қосуға дайын. Бұл туралы Крис Бартон Global Challenges Summit 2018 форумы аясында өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Баспасөз мәслихаты барысында БАҚ өкілдері одан Shazam қосымшасына қазақ әуендерін тану қызметін қосу мүмкіндігі жайлы сұраған болатын. 

«Жалпы Shazam бүкіл әлем музыкаларын, мәселен, жапон, корей, қытай, үнді әуендерін тануға ден қояды. Біз өзіміздің қосымшамызға қазақстандық музыканы да зор ризашылықпен қоса аламыз», - деп жауап берді ол.

Айта кетейік, Shazam - әлемдегі ең танымал қосымшалардың бірі. Оны ай сайын 100 миллионнан астам адам музыканы анықтау және сөздерді іздеу үшін қолданады.

Соңғы жаңалықтар