Шаймардан Нұрымов: Ассамблеяның маңызды міндеті - этносаралық келісімді қолдау

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Этносаралық келісімді қорғау - барлық уақытта да Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызды міндеті болады. Мұндай пікірді ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты, «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шаймардан Нұрымов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тұңғыш Президентіміз - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясының авторы екені белгілі. Мұндай ұйым әлемде алғаш рет Қазақстанда құрылды. Біз шетелге шығып тұрамыз және соңғы уақытта барлық жерде Ассамблея еліміздегі этносаралық бейбітшілік пен келісімді сақтауға үлкен үлес қосатындығы айтылады. Мәселен, Қытай Халық Республикасында болып, Ұлттар комитетіне барғанымызда өздерінің Қазақстан халқы Ассамблеясының тәжірибесін зерделегенін және оны жұмыста қолданатынын айтты. Қазақстанға келгендердің барлығы да 100-ден астам этнос өкілдерінің бір халықтай бейбіт өмір сүріп жатқанына таң қалады. Еліміздегі ахуалмен танысқандардың барлығы да мұның Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал сыртқы саясатының арқасында орын алып отырғанын атап өтеді», - дейді Шаймардан Нұрымов.

Ол 29 сәуірге белгіленген ҚХА Ассамблеясының кезекті сессиясы Тұңғыш Президент өкілеттігін тоқтатқаннан кейін бірінші рет өтетінін айтып, оның барысындағы негізгі міндеттерге тоқталды. Оның атап өтуінше, алдағы сессия барысында Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында, бағдарламаларында аталған барлық тапсырмаларды орындауға қатысты мәселелерді талқылау қажет. Себебі Тұңғыш Президенттің барлық тапсырмалары халықтың әл-ауқатын арттыруға, мемлекеттілікті нығайтуға бағытталған. Бұл ретте Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның басты байлығы алтын, мұнай және өзге де табиғи пайдалы қазбалар емес қоғамдағы бейбітшілік пен келісім деп санағанын естен шығармаған абзал. Осыған орай Ассамблеяның маңызды міндеті - этносаралық келісімді қолдау, сонымен қатар өсіп келе жатқан ұрпақты патриотизмге тәрбилеу болып қала береді.

«Әрбір қазақстандық Қазақстан экономикасының, мәдениетінің одан ары дамуына өз үлесін қосып, жаңа жағдайларды ескере келе еліне қызмет етуі тиіс», - дейді «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

Соңғы жаңалықтар