USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Шайбалы хоккейден «Жұлдызша» турнирі мәресіне жетті

2021 жылғы 18 қазан 22:14
Бөлісіңіз:
Шайбалы хоккейден «Жұлдызша» турнирі мәресіне жетті

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласында шайбалы хоккейден «Жұлдызша» турнирі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО-да шайбалы хоккейден республикалық «Жұлдызша» турнирінің жүлдегерлері марапатталды.

13-18 қазан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өткен додаға елорданың, Шығыс және Батыс Қазақстан облыстары оқушыларының командалары сынға түскен болатын.

Бірінші орынды Нұр-Сұлтан қаласы алса, шығысқазақстандық жас спортшылар екінші орынды қанжығалады.

«Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған республикалық жарыста спортшыларымыз жақсы ойын көрсетті. Олардың жас ерекшелігі - 9-15 жас аралығында. Қазір Президент тапсырмасына орай облыста бұқаралық спортты дамыту бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Алдағы уақытта да бұл жұмыс жалғасын табады. Осы ретте жастарды спортқа баулып жүрген жаттықтырушыларға алғысымыз шексіз», - деді облыс әкімінің орынбасары Азамат Мұхамедчинов.

«Жұлдызша» турнирінің мақсаты – балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту және ұлттық құрама командаларын қалыптастыру үшін талантты ойыншыларды анықтау.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT