Шайбалы хоккейден Президент кубогының ойын кестесі белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден Президент кубогының ойын кестесі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған турнир 16-19 тамыз аралығында елордада өтеді.

Биыл 12-ші мәрте жалауын көтеретін жарысқа қазақстандық «Барыстан» өзге Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск), «Автомобилист» (Екатеринбург), «Металлург» (Магнитогорск) және Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» командалары қатысады.

Командалар бір айналымнан тұратын турнир өткізеді. Оның қорытындысы бойынша кубок жеңімпазы мен жүлдегерлері анықталады.

Ойындар кестесі төмендегіше:

16 тамыз (сейсенбі)

15:00 «Нефтехимик» - «Металлург»

19:30 «Барыс» - «Автомобилист»

17 тамыз (сәрсенбі)

15:00 «Автомобилист» - «Куньлунь Ред Стар»

19:30 «Барыс» - «Нефтехимик»

18 тамыз (бейсенбі)

15:00 «Автомобилист» - «Нефтехимик»

19:30 «Куньлунь Ред Стар» - «Металлург»

19 тамыз (жұма)

15:00 «Нефтехимик» - «Куньлунь Ред Стар»

19:30 «Металлург» - «Барыс»

20 тамыз (сенбі)

13:00 «Металлург» - «Автомобилист»

17:00 «Куньлунь Ред Стар» - «Барыс»

Аталған турнир Құрлықтық хоккей лигасы турниріне дайындық ретінде жыл сайын тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын елордалық «Барыс» командасына жаңа бас бапкер тағайындалды. Бұл қызметке беларусьтік маман Андрей Скабелка келді.



Соңғы жаңалықтар