Шайбалы хоккейден Президент кубогына қандай командалардың қатысатыны белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден Қазақстан Президенті кубогы турниріне биыл қандай командалардың қатысатыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған турнир Құрлықтық хоккей лигасы турниріне дайындық ретінде жыл сайын тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Биыл турнирге Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск), «Автомобилист» (Екатеринбург), «Металлург» (Магнитогорск) және Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» командалары қатысады.

Жарыс биыл 16 және 19 тамыз аралығында елордада болады.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барысқа» жаңа бас бапкер келді .



Соңғы жаңалықтар