Шайбалы хоккейден қыздар құрамасы Түркияны тас-талқан етті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Әлем чемпионатында (1 дивизион, іріктеу) Қазақстан Түркияны тас-талқан етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Оlympic.kz  сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы қарсылас команданың қақпасына жауапсыз 15 шайба соқты. Матчтың үздік ойыншысы болып Дильназ Саяхатқызы танылды. 

Ұлттық құрама келесі ойынды 15 қаңтар күні Австралияға қарсы өткізеді. Матч Астана уақытымен 21:30-да басталады. 

18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Әлем чемпионатына іріктеу Испанияның Хака қаласында 12-18 қаңтар күндері аралығында өтуде. Қатысушы елдер: Қазақстан, Австралия, Мексика,Түркия, Испания, Корея, Қытайлық Тайбэй. 

Соңғы жаңалықтар