Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына аттанады
2022 жылғы 10 мамыр 01:36

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына аттанады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Латвиямен екінші мәрте жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл кездесу әлем чемпионатына дайындық аясында ұйымдастырылды.

Ойын барысында қазақстандық хоккейшілер қарсыласына 1:5 есебімен жеңіліп қалды.

Еске салсақ, қазақстандық құрама 8 мамырда да Латвияға есе жіберген еді.

Енді қазақстандық хоккейшілер 10 мамырда Финляндия астанасы Хельсинки қаласына аттанады.

Онда А тобында Канада, Словакия, Германия, Дания, Швейцария, Италия және Франциямен ойнайды.

Қазақстандық хоккейшілер әлем чемпионатындағы алғашқы ойынын 14 мамырда Данияға қарсы өткізеді.


Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT