Шайбалы хоккейден Қазақстан біріншілігінің қашан басталатыны белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден Қазақстан біріншілігінің қашан басталатыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ел біріншілігіндегі алғашқы кездесу биылғы 10 қыркүйекте басталады. Онда барлығы 12 команда бақ сынайды деп күтілуде.

Біріншілік барысында «Ақтөбе», «Алматы», «Арлан», «Бейбарыс», «Горняк», «Ертіс», «Кұлагер», «Номад», «Сарыарқа», «Снежные Барсы» және «Торпедо» сайысқа түседі.

Сондай-ақ, олардың қатарына өзбестандық «Хумо» командасы қосылады.

Алдымен ел біріншілігінің тұрақты кезеңі өткізіледі. Одан кейін алғашқы сегіздіктегі командалар плей-офф сатысында сынға түседі.

Еске салсақ, бұдан бұрын шайбалы хоккейден Қазақстан Президенті кубогына қатысатын командалар тізімінде өзгерістер болды.

Турнирге қатысуға қазақстандық «Барыстан» басқа, Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск), «Автомобилист» (Екатеринбург), «Металлург» (Магнитогорск) командалары ниет білдіріп отыр.


Фото: www.teahub.io


Соңғы жаңалықтар