Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер командасы В тобындағы орнын сақтап қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден әйелдер арасында өтіп жатқан бірінші дивизиондағы әлем чемпионатында Қазақстан командасы бір рет жеңіске жетті деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Соңғы матчта Қазақстан Қытай құрамасынан 2:1 есебімен басым түсті. Біздің команда сапынан Лариса Свиридова мен Ғалия Нұрғалиева көзге түскен.

Чемпионат қорытындысы бойынша бір матчта жеңіске жетіп, 4 ұпай жинаған Қазақстан командасы турнир кестесінде 5-ші орынға тұрақтады. Осылай, бірінші дивизионның В тобындағы орнын сақтап қалды.

Қазақстан - Қытай 2:1 (0:0, 2:1, 0:0)

1:0 - Свиридова (Қартанбаева) -28:31

2:0 - Нұрғалиева (Шегебаева, Әшімова) - 32:01

2:1 - Ма -37:43

Қақпашылар: Дмитриева- Ванг

Соңғы жаңалықтар