Шайбалы хоккейден ел біріншілігіне қатысатын командалар белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден Қазақстан біріншілігіне қатысатын командалардың толық құрамы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2022-2023 жылғы маусымда «Ақтөбе», «Алматы», «Арлан», «Бейбарыс», «Горняк», «Ертіс», «Құлагер», «Номад», «Сарыарқа», «Снежные Барсы», «Торпедо» хәне өзбекстандық «Хумо» бақ сынайды.

Турнирді өткізу талабы өзгерген жоқ. Командалар бұрынғысынша әрбір біріншіліктің алғашқы кездесуі 10 қыркүйекте «Сарыарқа» және «Арлан» командалары арасында болады. Одан кейін 11 қыркүйекте «Снежные барсы» және «Құлагер» шеберлік байқасса, «Хумо» өз айдынында «Номад» командасын қабылдайды. Оңтүстік астанада жергілікті «Алматы» «Горнякпен» айдынға шығады.

Ал 13 қыркүйекте «Торпедо» мен «Ақтөбе», «Бейбарыс» пен «Ертіс» кездеседі.

Еске салсақ, бұдан бұрын шайбалы хоккейден Қазақстан Президенті кубогына қатысатын командалар тізімінде өзгерістер болды.

Турнирге қатысуға қазақстандық «Барыстан» басқа, Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск), «Автомобилист» (Екатеринбург), «Металлург» (Магнитогорск) командалары ниет білдіріп отыр.



Фото: www.teahub.io




Соңғы жаңалықтар