Шайбалы хоккейден әлемдік рейтинг: Қазақстан 19-орында

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы (IHHF) Словакиядағы Әлем чемпионатынан кейін ұлттық құрамалар рейтингін жаңартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінен мәлім еткендей, жаңадан түзілген рейтингте 3705 ұпаймен Канада құрамасы көш бастап тұр. Әлемдік сынның жартылай финалында жеңілген ресейліктер екінші сатыда. Алғашқы үштікті биылғы Әлем чемпионы Финляндия командасы түйіндеген.

Бірінші дивизионның А тобында жеңіске жетіп, элиталы дивизионға қайта оралған Қазақстан құрамасы 19-шы орында тұр. Отандық команданың қоржынында 2570 ұпай бар.

Еске сала кетейік, Словакияда аяқталған шайбалы хоккейден Әлем чемпионатында Финляндия құрамасы чемпион атанды. Олар финалдық кездесуде Канаданы 3:1 есебімен жеңді.

Соңғы жаңалықтар