Шайбалы хоккейден әлем чемпионатында жартылай финалға шыққан құрамалар анықталды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден әлем чемпионатында жартылай финалға шыққан құрамалар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

26 мамырда ширек финал ойындары өтті. Жарыстың аталған сатысында Чехия Германияны 4:1 еесбімен тізе бүктірсе, Канада овертаймда Швециядан 4:3 есебімен басым түсті.

Одан кейін Финляндия Словакияны 4:2 есебімен сүріндірсе, АҚШ Швейцарияны 3:0 есебімен жеңді.

Осылайша Чехия, Канада, Финляндия, АҚШ жартылай финалға шықты.

Жартылай финалда Финляндия мен АҚШ, Канада мен Чехия сынға түседі..

Енді жартылай финал 28 мамырда болады. Финал 29 мамырға белгіленген.

Айта кетсек, әлем чемпионаты 13-29 мамыр аралығында Финляндияның Хельсинки және Тампере қалаларында өтеді.

Еске салсақ, биыл Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты топ-дивизионда А тобында жетінші орын алып, үздіктер қатарындағы орнын сақтап қалды.

Әлем чемпионатында Италия мен Ұлыбритания бірінші дивизионға түсті. Олардың орнын 2023 жылы Венгрия мен Словения құрамалары басты.


Соңғы жаңалықтар