НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін шайбалы хоккейден әлем чемпионатында топ-дивизионда Қазақстан құрамасы екінші ойынын Францияға қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгінгі кездесуде қазақстандық хоккейшілер белсенді ойнаған еді. Алдымен Валерий Орехов 5-минутта Қазақстанды алға шығарды.
Екінші кезеңде франциялық құраманың белсенділігі аңғарылды. Нәтижесінде Александр Тексье 32, Флорьян Шакиашвили 39-минутта мергендік танытты.
Осылайша Қазақстан хоккейшілері Францияға 1:2 есебімен есе жіберді.
Енді олар үшінші ойынын 17 мамырда Швейцарияға қарсы өткізеді.
Айта кетсек, қазақстандық хоккейшілер А тобында сынға түседі. Қарсыластары - Канада, Словакия, Германия, Дания, Швейцария, Италия және Франция.
Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық хоккейшілер Даниядан жеңіліп қалған еді.