Шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Канада мен Латвия жартылай финалға шықты

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден 2023 жылғы әлем чемпионатының элиталық дивизионында Канада мен Латвия жартылай финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ширек финалдағы Канада мен Финляндия кездесуінде жанкүйерлер қос құрамадан тартысты ойын күткен еді. Дегенмен, канадалық хоккейшілер жинақы қимылдай білді.

Тағы бір ойында Швеция мен Латвия жартылай финал жолдамасын сарапқа салды. Кездесуде латвиялық хоккейшілер қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсті.

Еске салсақ, бұдан бұрын жартылай финалға АҚШ пен Германия құрамалары жолдама алды.

Енді 27 мамырда жартылай финалда АҚШ пен Германия, Канада мен Латвия құрамалары ойнайды.

Финал мен 3-орын үшін сайыс 28 мамырда өтеді.

Айта кетсек, әлем чемпионаты 12 мамырда Латвияның Рига және Финляндияның Тампере қалаларында басталды.

Еске салсақ, Қазақстан құрамасы биыл элиталық дивизиондағы орнын сақтап қалды.

Соңғы жаңалықтар