Шайбалы хоккейден әлем чемпионаты: жартылай финалға шыққан екі құрама анықталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Шайбалы хоккейден 2023 жылғы әлем чемпионатының элиталық дивизионында жартылай финалға шыққан екі құрама анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазірге дейін ширек финалдағы екі ойынның нәтижесі белгілі болды.

Екі ойынның бірінде АҚШ құрамасы Чехияны 3:0, Германия Швейцарияны 3:1 есебімен сүріндірді.

Енді Канада мен Финляндия, Швеция мен Латвия құрамалары шеберлік байқасады.

Жартылай финал 27 мамырға белгіленген. Финал мен 3-орын үшін сайыс 28 мамырда өтеді.

Айта кетсек, әлем чемпионаты 12 мамырда Латвияның Рига және Финляндияның Тампере қалаларында басталды.

Еске салсақ, Қазақстан құрамасы биыл элиталық дивизиондағы орнын сақтап қалды.


Соңғы жаңалықтар