+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Шайбалы хоккейден әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасынан кімдер шақыру алды

2021 жылғы 9 мамыр 19:46
Бөлісіңіз:
Шайбалы хоккейден әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасынан кімдер шақыру алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден әлем чемпионатының элиталық дивизионында бақ сынайтын Қазақстан құрамасының толық құрамы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық құраманың бас бапкері Никита Михайлис 28 ойыншыға сенім артты.

Олардың қатарында қақпашылар - Хенрик Карлссон, Андрей Шутов, Никита Бояркин, қорғаушылар - Даррен Диц, Алексей Маклюков, Иван Степаненко, Джесси Блэкер, Виктор Сведберг, Егор Шалапов, Самат Данияр, Валерий Орехов және Кирилл Полохов бар. Ал шабуылда Роман Старченко, Евгений Рымарев, Антон Сагадеев, Павел Акользин, Александр Шин, Саян Данияр, Әлихан Әетов, Дмитрий Шевченко, Никита Михайлис, Кирилл Панюков, Дмитрий Гурков, Кертис Волк, Кирилл Савицкий, Аркадий Шестаков, Артем Лихотников және Егор Петухов ойын көрсетеді.

Қазақстандық хоккейшілер В тобында Канада, Финляндия, АҚШ, Германия, Норвегия, Италия және Латвия құрамаларымен шеберлік байқасады.

Ал А тобында Швеция, Чехия, Швейцария, Словакия, Дания, Беларусь, Ұлыбритания және Ресей бар.

Айта кетейік, дүбірлі дода биыл Беларусь астанасы - Минск, Латвия астанасы - Рига қалаларында 21 мамыр және 6 маусым аралығында өткізілуі тиіс болатын.

Әлемнің көптеген мемлекеттері мен демеушілер Беларусьтегі саяси жағдайдың тұрақсыз болуына байланысты оны тізімнен алып тастау жөнінде ұсыныс білдірген.

Осындай ұсыныстарды ескере келе Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы әлем чемпионатының финалдық кезеңі Беларусьте өтпейтінін мәлімдеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT