+7 (701) 759 90 19
USD 425.85 EUR 499.78
RUB 5.82 CNY 65.87
Jańalyqtar

Шайбалы хоккейден ӘЧ: Қазақстан плей-офф кезеңіне шығуға жақын тұр

2021 жылғы 31 мамыр 23:58
Бөлісіңіз:
Шайбалы хоккейден ӘЧ: Қазақстан плей-офф кезеңіне шығуға жақын тұр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден 2021 жылғы әлем чемпионатының элиталық дивизионында, бүгін 31 мамырда Қазақстан құрамасы бірінші кезеңнен кейін Норвегиядан басым түсуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Футболдан Қазақстан кубогының ширек финал ойындары өтеді Криштиану Роналду әлемдегі ең көп ақша төленетін футболшыға айналды Гандболдан Азия чемпионаты: Қазақстан қыздары жартылай финалда Жапониямен кездеседі

Бүгін өткен кездесуде қос құрама да алға ұмтылды. Дегенмен қақпаға бағытталған шайба діттеген жеріне жетпей жатты. Ал 16-минутта қазақстандық Дмитрий Шевченко мергендік танытып, өз құрамасын алға шығарды.

Бірінші кезеңнен кейін Қазақстан қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсуде. Бүгін жеңіске жетсе олар бір тур бұрын плей-офф кезеңіне шығуға қол жеткізеді.

Екі құрама бұған дейін бес мәрте кездесті. Оның екеуінде қазақстандық құрама басымдық танытса, үшеуінде норвегиялық хоккейшілер мықты екенін көрсетті.

Айта кетерлігі, бүгін негізгі кезеңде жеңіске жеткен жағдайда Қазақстан құрамасының плей-офф кезеңіне шығуына мүмкіндігі бар. Бұған дейін қазақстандық хоккейшілер буллиттен Латвияны 3:2, Финляндияны 2;1, негізгі кезеңде Германияны 3:2, Италияны 11:3 есебімен жеңді. Ал АҚШ-қа 0:3, Канадаға 2:4 есебімен жол берді.

Осылайша алты ойыннан кейін он ұпай жинаған Қазақстан құрамасы турнир кестесінде үшінші орында тұр. Плей-офф кезеңіне шығуына мүмкінді бар.

Ал алты ойыннан кейін бес ұпай жинаған Норвегия жетінші орынға жайғасқан. Олардың жарысты жалғастыру мүмкіндігінен қол үзіп қалды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT