Шайбалы хоккейден ӘЧ: Қазақстан құрамасы буллитте Норвегиядан басым түсті

None
Фото: icehockey.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден 2023 жылғы әлем чемпионатының элиталық дивизионында бүгін, 13 мамырда Қазақстан құрамасы Норвегиямен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құрамалар В тобында сынға түседі. Қарсыластары - Канада, Словения, Чехия, Швейцария, Словакия, Латвия.

Кездесу барысында құрамалар тартысты ойын өткізді. Бір-бірінің қақпасы маңында жиі бой көрсетті.

Алдымен норвегиялық құрамадан Микаэль Хага 7, Оле Юлиан Хольм 9-минутта екі шайба соғып кетті. Оған 15-минутта қазақстандық Максим Мусоров бір голмен жауап қайырды.

Ойынның екінші кезеңінде 21-минутында Микаэль Хага қайтадан өз құрамасын алға шығарса, 35-минутта қазақстандық Валерий Орехов көздеген нысанадан мүллт кеткен жоқ.

Ал 51-минутта қазақстандық Никита Михайлис таразы басын теңестірді.

Негізгі кезең 3:3 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда жеңімпаз анықталған жоқ. Буллиттен Қазақстан құрамасы жеңіске жетті.

Енді қазақстандық хоккейшілер алдағы ойынын 14 мамырда Чехияға қарсы өткізеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының хоккейшілері анықталды.


Соңғы жаңалықтар