Шайбалы хоккейден ӘЧ: Қазақстан құрамасы бүгін Чехиямен кездеседі

None
Фото: icehockey.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден 2023 жылғы әлем чемпионатының элиталық дивизионында бүгін, 14 мамырда, Қазақстан құрамасы Чехиямен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған ойын елорда уақытымен 23:20-да басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Құрамалар В тобында сынға түседі. Қарсыластары - Канада, Словения, Чехия, Швейцария, Словакия, Латвия.

Алғашқы кездесуінде чехиялық құрама Словакияны 3:2 есебімен сүріндірсе, Қазақстан буллитте Норвегияны 4:3 есебімен жеңді.

Екі құрама бұған дейін төрт мәрте кездесті. Барлық ойында Чехия құрамасының мерейі үстем болды.

Аталған құраманың хоккейшілерінің негізгі бөлігі өз елінің біріншілігіндегі клубтарда ойын көрсетеді. Сондай-ақ, АҚШ, Швеция, Ресей, Финляндия клубтарында ойнайтын хоккейшілер бар.

Былтыр олар әлем чемпионатында үздік үштіктен көрінді.

Сондай-ақ, бүгін В тобында Словения - Канада, Норвегия - Швейцария құрамалары шеберлік байқасады.

Ал А тобында АҚШ - Венгрия, Франция - Дания, Швеция - Австрия ойнайды.

Айта кетсек, әлем чемпионаты 12 мамырдан Латвияның Рига және Финляндияның Тампере қалаларында басталды.

Топтық кезең 12 және 23 мамыр аралығына белгіленген. Финал 28 мамырда болады.


Соңғы жаңалықтар