+7 (701) 759 90 19
USD 424.92 EUR 500.09
RUB 5.87 CNY 65.92
Jańalyqtar

Шайбалы хоккейден ӘЧ: Қазақстан құрамасы АҚШ-қа есе жіберді

2021 жылғы 25 мамыр 21:31
Бөлісіңіз:
Шайбалы хоккейден ӘЧ: Қазақстан құрамасы АҚШ-қа есе жіберді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден 2021 жылғы әлем чемпионатының элиталық дивизионында бүгін Қазақстан құрамасы үшінші ойынын АҚШ-пен өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» бүгін «Динамо» командасымен кездеседі Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» ЦСКА командасынан басым түсті Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» ЦСКА командасымен кездеседі

Бүгінгі кездесуде де қазақстандық хоккейшілер қарсыласымен терезесі тең деңгейде ойын көрсетті. Десе де тәжірибелі хоккейшілерден жинақталған американдық құрама кейбір жағдайда басымдық танытып жатты.

Ойынның бірінші кезеңінің 6-минутында Адам Кленденинг есеп ашса, екінші кезеңнің 21-минутында Тревор Мур есепті үстемелей түсті.

Үшінші кезеңде де американдық құрама басымдығын арттыра түсті. Нәтижесінде 41-минутта Джек Друри мергендік танытты. Осылайша Қазақстан құрамасы қарсыласына 0:3 есебімен есе жіберді.

Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық хоккейшілер алғашқы екі ойында басым түсті. Алдымен Латвияны буллитен 3:2 есебімен жеңсе, одан кейін Финляндияны буллитен 2:1 есебімен тізе бүктірді.

Енді қазақстандық хоккейшілер келесі ойынын 26 мамырда Германия құрамасына қарсы өткізеді. Ал АҚШ құрамасы 27 мамырда Латвиямен шеберлік байқасады.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT