Шайбалы хоккейден 2026 жылғы Әлем чемпионаты қайда өтетіні белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден 2026 жылғы әлем чемпионаты қайда өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған турнир 2026 жылы 15-31 мамыр аралығында Швейцарияның Цюрих және Фрибург қалаларында өткізіледі.

Бұл шешім Халықаралық шайбалы хоккей федерациясының конгресінде қабылданды.

Швейцария бұдан бұрын 2020 жылы Әлем чемпионатын қабылдауға ниет білдірген еді. Дүниежүзін жайлаған коронавирус пандемиясына байланысты дүбірлі дода өтпейтін болып шешілген.

Еске салсақ, бұдан бұрын алдағы үш жылда хоккейден Әлем чемпионаты қайда өтетінін жазғанбыз.


Соңғы жаңалықтар