Шайбалы хоккейден 2023 жылғы әлем чемпионаты Санкт-Петербургте өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық хоккей федерациясының конгресі 2023 жылғы әлем чемпионатын Санкт-Петебургте өткізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды IIHF баспасөз қызметі.

Әлемдік доданы өткізу үшін арнайы арена салынбақ. 2023 жылға қарай қолданысқа берілетін кеше 21500-23000 адамға арналған. Заманауи кешенде спортшылар мен қызметкерлерге барлық жағдай жасалады.

Ал екінші арена - «СКА» хоккей клубының матчтары өтетін «Мұз сарайы». Арена 2000 жылғы әлем чемпионаты қарсаңында салынған және 12 мың жанкүйерді еркін сыйдыра алады.

Еске сала кетейік, 2020 жылғы әлемдік сын Швейцарияда, 2021 жылғы дода Беларусь пен Латвияда, 2022 жылғы әлем чемпионаты Финляндияда өтеді.

Соңғы жаңалықтар