Шайбалы хоккейден 2023 жылғы әлем чемпионаты: Қазақстанның қарсыластары анықталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасының 2023 жылғы әлем чемпионатындағы қарсыластары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетсек, аталған турнир алдағы жылдың 12-28 мамыры аралығында Латвияның Рига, Финляндияның Тампере қалаларында өткізіледі.

Қазақстандық хоккейшілер В тобында сынға түседі. Қарсыластары – Канада, АҚШ, Швейцария, Словакия, Латвия, Норвегия және Словения.

Ал А тобында Финляндия, Швеция, Чехия, Германия, Дания, Франция, Австрия және Венгрия шеберлік байқасады.

Биыл әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы топ-дивизиондағы орнын сақтап қалды.

Әлем чемпионатында Италия мен Ұлыбритания бірінші дивизионға түсті. Олардың орнын 2023 жылы Венгрия мен Словения құрамалары басты.


Соңғы жаңалықтар