Шайбалы хоккей: Қазақстанның әлем чемпионатындағы қарсыластары анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден 2020 жылғы әлем чемпионаты А дивизионының жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетелік, келер жылы аталмыш дивизионда Қазақстан құрамасы да сынға түседі. Біздің жігіттер В тобында ойнайды. Қарсыластары - Ресей, Финляндия, АҚШ, Германия, Латвия, Норвегия, Италия құрамалары. Ал А тобында Канада, Швеция, Чехия, Швейцария, Словкия, Дания, Беларусь және Ұлыбритания хоккейшілері шеберлік байқасады.

Әлем чемпионаты 2020 жылдың 8-24 мамыр күндері Швейцарияның Цюрих және Лозанна қалаларында өткізіледі.

Кеше, 26 мамырда 2019 жылғы әлем чемпионаты аяқталды.

Онда Финляндия құрамасы чемпион атанды. Олар финалда Канаданы 3:1 есебімен тізе бүктірді. Қола жүлде Ресей құрамасына бұйырды.

Соңғы жаңалықтар