+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Шайбалы хоккей: Қазақстан құрамасы Беларусьпен жолдастық кездесу өткізеді

2021 жылғы 10 мамыр 19:39
Бөлісіңіз:
Шайбалы хоккей: Қазақстан құрамасы Беларусьпен жолдастық кездесу өткізеді

НҰР-CҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты элиталық дивизионындағы ойындарынан бұрын екі жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Головкиннің промоутері оның басқа боксшылардан ерекшеліктерін атады Футболдан Қазақстан біріншілігі: «Ақтөбе» мен «Қызылжар» тең түсті Ярослава Шведова: Олимпиадаға қатысып, ел намысын қорғау – зор мәртебе

Қазақстандық құрама 13 және 15 мамыр күндері Беларусь хоккейшілерімен шеберлік байқасады. Екі ойын да Литвада болады.

Естеріңізге сала кетелік, әлем чемпионаты Литвада 21 мамыр және 6 маусым аралығында өткізіледі.

Қазақстандық хоккейшілер В тобында Канада, Финляндия, АҚШ, Германия, Норвегия, Италия және Латвия құрамаларымен шеберлік байқасады. Ал А тобында Швеция, Чехия, Швейцария, Словакия, Дания, Беларусь, Ұлыбритания және Ресей бар.

Қазақстан хоккейшілері әлемнің үздік құрамаларымен бірге бес жылдық үзілістен кейін сынға түскелі отыр. Соңғы рет 2016 жылы элиталық дивизионда мұз айдынға шықты.

Айта кетейік, бұған дейін шайбалы хоккейден әлем чемпионатына қатысуға Қазақстан құрамасынан кімдер шақыру алғанын хабарлаған болатынбыз.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT