Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі жекпе-жегін қайдан көруге болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 26 маусым, жексенбі күні таңертең, қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (15-0) UFC-дегі төртінші жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін UFC on ESPN 38 турнирінде өнер көрсетеді. Бұл жолғы қарсыласы америкалық жекпе-жек шебері Нил Мэгни (26-8).
Бұл кездесуді UFC-дің ресми сайтынан көруге болады. Жекпе-жек басталатын уақыт (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша) шамамен 09:20.

Жерлесіміздің жекпе-жегі бұл турнирдегі басты жекпе-жектердің бірі бол а ды.
Осы сәтке дейін Шавкат Рахмонов UFC-де үш рет кездесу өткізіп, бәрін жеңіспен аяқтаған.
Алекс Оливейруді (22-12-1-2) сабмишнмен жеңсе, Мишел Празеристі (26-4) нокаутқа түсірді. Сондай-ақ, Карлстон Харристі (17-5) де есінен тандырып тастаған еді.


Соңғы жаңалықтар