Шавқат Рахмонов UFC-дегі үшінші жекпе-жегін жеңіспен аяқтады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық спортшы Шавқат Рахмонов (14-0) UFC-дегі үшінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) UFC Fight Night 200 турнирінде гайаналық Карлстон Харриспен (17-4) жекпе-жекке шықты. Жартылай орта салмақта өткен бұл кездесу үш раундқа жоспарланған еді. Алайда жерлесіміз бірінші раунда-ақ айналып теуіп, қарсыласып сұлатып түсірді.

Осылайша Шавқат Рахмонов кәсіпқой мансабында 15-ші жеңісіне қол жеткізді. Ал Карлсон болса, бесінші рет жеңіліс тапты.

Айта кетейік, Рахмоновтың бұл UFC-дегі үшінші жекпе-жегі.

Бұған дейін ол сабмишн әдісімен бразилиялық Алекс Оливейруды (22-11-1-2) және Мишел Празеристі (26-4) тізе бүктірген еді.



Соңғы жаңалықтар