Шавкат Рахмонов UFC-дегі көшбасшылығынан айырылды

None
Фото: sports.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов (17-0) мерзімінен бұрын қол жеткізген жеңіс саны бойынша қазіргі UFC файтерлері арасында енді көш бастап тұрған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Бұған дейін Рахмонов бірінші орында тұрды – ол қатарынан бес рет жеңіске жеткен, бірақ қазір оны ресейлік файтер Сергей Павлович (18-1) басып озды.

Ол қатарынан алты мәрте айқасқа шығып, алтыншы жекпе-жегінде мерзімінен бұрын жеңімпаз атанды, бұл ретте ол барлық жеңістеріне бірінші раундта-ақ қол жеткізген.

Шавкат Рахмоновқа келсек, ол UFC-дегі бес жекпе-жегінде Алекс Оливейра (24-13-1), Мишель Празерис (27-4), Карлстон Харрис (17-5), Нил Мэгни (27-10) және Джефф Нилді (15-5) жеңген.

Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақтағы ең перспективалы спортшылардың бірі саналады.

Бұған дейін Шавкат Рахмоновтың әпкесі Сора Рахмонованың NAIZA 51 турнирінде өнер көрсетіп, онда ресейлік чемпион Валерия Карыгинамен жұдырықтасатыны хабарланған болатын.


Соңғы жаңалықтар