Шавкат Рахмонов UFC-дегі екі жекпе-жегі үшін қанша табыс тапты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (14-0) UFC-де өткізген екі жекпе-жек үшін қаншы қаржы тапқаны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Рахмонов UFC-ге алғаш рет өткен жылдың қазан айында шыққан. Алғашқы жекпе-жегінде қазақстандық спортшы бірінші раундта бразилиялық Алекс Оливейраны (22-10-1-2) жеңіп шықты. Шавкаттың бұл жекпе-жек үшін алған гонорары 37 500 долларды құрады (10 000 доллар — октагонға шыққаны үшін, 10 000 доллар – жеңіске жеткені үшін, 3 500 доллар — жігерлендіру бонусы, тағы 14 000 долларды Рахмоновқа салмақ өлшеуден өтпей қалған қарсыласы «сыйлаған»).

Рахмонов UFC-дегі екінші жекпе-жегінде де жеңіске жеткен. Онда ол екінші раундта бразилиялық спортшы Мишел Празеристі (26-4) жықты. Сол кездегі гонорары 28 000 долларды құрады (12 000 доллар — шыққаны үшін, 12 000 доллар — жеңіске жеткені үшін, 4 000 доллар — жігерлендіру бонусы).

Осылайша, Шавкат Рахмонов UFC-де өткізген екі жекпе-жегі үшін жалпы алғанда 65 500 доллар табсқа жетті.


Соңғы жаңалықтар