Шавкат Рахмонов UFC-де келесі жекпе-жекті кіммен өткізетінін жариялады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - UFC-де жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Шавкат Рахмонов америкалық Джефф Нилмен жекпе-жегі көктемге қалдырылатынын растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарсыластар 14 қаңтарда кездесуі керек еді, алайда Нил жарақат алып, турнирге қатысудан бас тартуға мәжбүр болды. Sports.kz Шавкаттың Instagram-парақшасына сілтеме жасап жазуынша, АҚШ өкілімен жекпе-жек наурыз айында өтеді.

«Джефф Нил жарақат алды. Басқа қарсылас та шыға алмайтын болды. Құдай қаласа, жекпе-жекті наурызға қалдырдық», - деп атап өтті Рахмонов.

Фото: sports.kz


Соңғы жаңалықтар