Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 384.87 EUR 432.52
RUB 6.11 CNY 55.95
Jańalyqtar

Шавкат Рахмонов чемпиондық атағын қорғайды

2019 жылғы 23 мамыр 12:07 723
Бөлісіңіз:
Шавкат Рахмонов чемпиондық атағын қорғайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Орта салмақтағы М-1 Global чемпионы қазақстандық Шавкат Рахмонов 28 маусым күні елордада өтетін M-1 Challenge 102 турнирінде чемпиондық атағын қорғайды. Бұл туралы «BE STRONG PROMOTION» компаниясының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Келісімшарт талабына сәйкес Шавкат Рахмонов чемпиондық атағын қорғағаннан кейін UFC жоғары сайыскерлер лигасына өте алады. Ол әуесқойлар арасында ең жас әлем чемпионы атанып, BATTLE OF NOMADS және M-1 Global халықаралық промоушендерінде чемпиондық атақ иеленіп, ММА әлемдік элитасына ену құқығына лайық болды. Біз алдағы жекпе-жекті тағатсыздана күтеміз. Шавкат жеке бапкері Баян Жанғаловпен жекпе-жекке дайындыққа кірісіп кетті. Алдын ала ақпаратқа сәйкес Шавкат Рахмоновтың қарсыласы бразилиялық Тиаго Варежао болмақ», - деді Қазақстанның ММА біріккен федерациясының вице-президенті Асылбек Дүйсенов.

ММА-дан Қазақстан құрамасының бас бапкері, Шавкат Рахмоновтың жеке бапкері Баян Жанғалов шәкіртінің алдағы жекпе-жекке дайындығын жоғары бағалап отыр.

«Бапкерлік мансап жолымда мұндай еңбекқор және тәртіпті спортшыны кездестірген емеспін. Ол барлық уақытта да өзгелерге қарағанда көп жаттығады. Бұл жол да Шавкат 100 пайыз дайындалады. Жаттығу процесінде алдыңғы қатарлы ғылыми әзірлемелерді қолданамыз және үнемі жетілдіріп отыруға тырысамыз», - деді Б.Жанғалов.

Шавкат Рахмонов чемпиондық атағын қорғайды 

Еске сала кетсек, бұған дейін Шавкат Рахмоновқа әлемдегі ең мәртебелі UFC промоушен жекпе-жек өткізуге ұсыныс жасағанын хабарлаған болатынбыз.


Шавкат Рахмонов чемпиондық атағын қорғайды 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT