Шавкат Мирзиёевтің аккаунты Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылу салтанатының видеосын жариялады

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Шавкат Мирзиёевтің Facebook аккаунтында Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылу салтанаты және Қазақстан өнерінің қайраткерлері мен шығармашылық ұжымдарының гала-концерті жайлы видео жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ozbekiston24» Өзбекстандағы Қазақстанның ашылуы салтанатынан тікелей трансляция жүргізді.

Еске сала кетсек, 2019 жылдың 14-15 сәуірінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға алғашқы мемлекеттік сапары өтті. Ташкентте Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесу өткізді.

Келіссөздер барысында президенттер дәстүрлі достық, өзара сыйластық, сенім мен ашық рухта екі жақты қатынастардың негізгі мәселелерін, өзара мүдделілік танытылған өзекті өңірлік және халықаралық проблемаларды талқылап, екі ел арасындағы кеңформатты ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мен кеңейтудің перспективаларын қарастырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев келіссөздер сәтті өтті деп бағалады.

Бұдан басқа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев бірлескен мәлімдеме жасады.

Сондай-ақ Өзбекстанға мемлекеттік сапары барысында Қазақстан Президенті өзбек ұлтының бейбітшілік пен бостандыққа, мейірімділік пен тату көршілікке, достық пен бауырластыққа ұмтылысын айшықтайтын Тәуелсіздік және гуманизм монументіне гүл шоғын қойды.


Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев жүргізілген келіссөздердің қорытындысы бойынша БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді.

Бұдан соң мемлекет басшылары Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылу рәсіміне қатысты.

Оның барысында Қазақстан өнерінің қайраткерлері мен сахна шеберлері және шығармашылық ұжымдарының қатысуымен гала-концерт болды.

Соңғы жаңалықтар