+7 (701) 759 90 19
USD 425.73 EUR 498.32
RUB 5.8 CNY 65.85
Jańalyqtar

Шавкат Мирзиёев өзбекстандықтарды белсенді түрде вакцина алуға шақырды

2021 жылғы 29 шілде 11:11
Бөлісіңіз:
Шавкат Мирзиёев өзбекстандықтарды белсенді түрде вакцина алуға шақырды

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстан Президенті эпидемиологиялық ахуалдың өршіп тұрғанына байланысты халықты белсенді түрде вакцина алуға шақырды. Бұл туралы ел Президенті Шавкат Мирзиёевтың төрағалығымен өткен бейнеселекторлық жиналыстың қорытындысында айтылды, деп хабаралайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Өткен тәулікте 3509 адам коронавирус індетінен сауықты Қазақстанда өткен тәулікте 2093 адам коронавирусқа  шалдыққан Қызылордада жаңа оқу жылының 19 күнінде 107 оқушы коронавирус жұқтырды

«Мені әлемнің жетекші ғалымдарының зерттеуі қызықтырды: олардың бағалауынша, коронавирус пандемиясы 10 жылға созылмақ. Бізге осы вируспен өмір сүріп үйрену керек. Аурудың таралуы тағы да күшейді. Мұндай қиын жағдайда азаматтардан батыл шешімдер қабылдау талап етіледі, сол себепті барлығына вакцина алу керек», - деді Өзбекстан президенті.

Ол үкіметтің әр азамат үшін күресетінін және бұл іске керекті қаражатты жұмсайтынын атап өтті. Сонымен қатар азаматтардың да өз өмірі мен денсаулығы үшін жауапты екенін еске салды. «Вакцина алғандар ауруханадан төрт күн ішінде шығып жатыр, ал екпе алмағандар қатты ауыруда. Иә, вакцина алғаннан кейін де ауруды жұқтыруыңыз мүмкін, алайда бұл жағдайда ауру жеңіл өтеді», деп атап өтті Шавкат Мирзиёев.

Еске сала кетейік, эпидемиологиялық ахуалдың өршуіне байланысты Өзбекстанда 28 шілдеден бастап карантиндік шаралар күшейтілді. 17 шілде күні Коронавируспен күрес жөніндегі арнайы комиссия 18 жастан жоғары сауда, қоғамдық тамақтандыру, қызмет көрсету және білім саласындағы азаматтарды, сонымен қатар әскерилер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерін міндетті вакциналау туралы шешім қабылдады. Қазіргі кезде Өзбекстан Республикасының Парламенті халықтың жұмыс істейтін бөлігін міндетті вакциналау туралы заң жобасын қарастыруда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бибіхан Серікова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT