USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Шавкат Мирзиеев Өзбекстан президенті болып сайланды

2016 жылғы 5 желтоқсан 17:24
Бөлісіңіз:
Шавкат Мирзиеев Өзбекстан президенті болып сайланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстан Президентінің міндетін атқарушы, Премьер-Министр Шавкат Мирзиёев мемлекет басшысы сайлауында 88,61% дауыспен жеңіске жетті, деп мәлім етті республиканың орталық сайлау комиссиясының басшысы Мирза-Ұлықбек Абдусаломов.

«Мирзиеевке сайлауға қатысқандардың 15 млн 906 мың 724 адамы немесе 88,61%-ы дауыс берді», - деді ол дүйсенбідегі брифингте.

«Өзбекстан Республикасы Президентін сайлау» заңының 35 бабына сәйкес, бұл көрсеткіш Мирзиеев мемлекет басшысы деп есептеуге құқық береді. Мирзиеев Кәсіпкерлер мен іскер азаматтар қозғалысы - Өзбекстанның либерал-демократиялық партиясы атынан Президенттікке үміткер болды.

Еске сала кетсек, дауыс беру жексенбі, 4 желтоқсан күні сағат 06.00-де басталып, 20.00-де аяқталды. Түс ауа Орталық сайлау комиссиясы сайлауды өтті деп таныды, себебі келушілердің саны қажетті 33 пайыздан асып жығылды. ОСК-ның мәліметінше, сайлауда 17 млн. 941 мың 955 адам дауыс берді, бұл электораттың 87,83 пайызы. ОСК төрағасы Мирза-Улугбек Абдусаломовтың айтуынша, дауыс беру ел ішіндегі - 9383 және шет елдердегі 44 сайлау учаскесінде өткен. Сайлауға төрт үміткер қатысты - президент міндетін атқарушы Шавкат Мирзиеев Өзбекстанның либерал-демократиялық партиясы атынан түсуде, Хатамжон Кетмонов Халық -демократиялық партиясынан, Нариман Омаров социал-демократтардан және парламенттің төменгі палатасының вице-спикері Сарвар Отамуратов демократиялық партиядан.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT