Шавкат Мирзиеев Қазақстан Президентін зор құрметпен шығарып салды

None
None
  ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін өзбек Президенті Шавкат Мирзеев Нұрсұлтан Назарбаевпен Ташкенттің халықаралық әуежайына дейін келіп, ұшақ трапына дейін зор құрметпен шығарып салды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың арнайы тілшісі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай Елбасы кеше Өзбекстан Республикасында мемлекеттік сапармен болған еді. Сапар аясында  Нұрсұлтан Назарбаев  Шавкат Мирзиеевпен бірге Ташкенттегі Төле би мен Шейх Хованди Тохур кесенелеріне  тәу етіп, Тәуелсіздік және ізгілік монументіне гүл шоқтарын қойған болатын.  Сонымен қатар Өзбекстан Президентімен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді.

Айта кетерлігі, 1991 жылдан бері жарық  көріп келе жатқан Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Заң шығару палатасы кеңесінің, Олий Мажлисі Сенаты кеңесінің және Өзбекстан министрлер кабинетінің ресми басылым саналатын «Нұрлы жол» газеті Қазақстан Президентінің құрметіне орай алғаш рет қазақ тілінде жарық көрді. Онда Елбасының мемлекеттік сапары егжей-тегжейлі жазылған. «Жақын туыстастық және өзара мүдделікке негізделген ынтымақтастықтың жаңа басқышы» деген тақырыппен көлемді мақала басылған. Мұнан бөлек, Өзбекстан-Қазақстан бизнес форумы, Ташкенттегі Қазақстанның ұлттық өнімдер көрмесі жайында да ақпарат бар.

Сонымен қатар «Правда Вастока», «Народное слово», «Халқ сузи» сынды басылымдарда да Қазақстан Президентінің мемлекеттік сапары жайында көлемді мақалалар берілген.

Қазір Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға келді.

Соңғы жаңалықтар