Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент лауазымына кірісуімен құттықтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісуімен құттықтап, оған зор денсаулық, амандық және жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтағаны үшін Өзбекстан Президентіне ризашылық білдіріп, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екі ел халықтарының тату көршілігі мен достығына негізделген стратегиялық серіктестік жалғаса беретініне сенім білдірді.

Екі ел көшбасшылары бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады.

Мемлекеттер басшылары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан мен Өзбекстанның қазіргі қарым-қатынастарын қалыптастыру және оны дамыту жолында ерекше рөл атқарғанын атап өтті.

Телефон арқылы сөйлесуге Өзбекстан жағы бастамашы болды.

Соңғы жаңалықтар