Шатыр астында тұрып жатқан отбасына ақтөбеліктер көмектесуде

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде шатыр астында тұрып жатқан Сахтиндер отбасына ақтөбеліктер көмектесіп жатыр. Олар саяжайдағы үйдің шатырын жабуға кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласындағы Сахтиндер отбасының әлеуметтік жағдайы туралы бұған дейін жазған болатынбыз. Пәтер жалдауға ақша таппаған отбасы далада қалып, әкімдік бау-бақша ұжымынан 6 сотық жер берген еді.

«Облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінен келіп, құрылыс материалдарын берді. Сол құрылыс материалдарын пайдаланып үйдің шатыры жабылды. Енді есік-терезе қажет еді. Оған көмек беретін адамдар хабарласқанымен, кейін үнсіз қалды. Алдағы уақытта пешін салып, өз баспанамызға көшкіміз келеді. Қазір сол саяжайдағы өзге адамның шағын үйін уақытша паналап отырмыз. Балалардың бәрі сабаққа барып жүр», - деді Мира Байтуғанова.


Соңғы жаңалықтар