Шаттық күні: Шымкентте «домбыра party» болды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттіктер Наурыз мейрамы қарсаңында «Шаттық күнін» атап өтті. Қала орталығындағы арбатта өткен мерекелік шарада қазақтың киіз үйі тігіліп, ұлттық тағамдар әзірленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қонақтарға қымыз, шұбат, қымыран сынды ұлттық сусындармен қатар Наурыз көже таратылды. Жастар жағы «party» ұйымдастырып, мерекенің көркін аша түсті. Мұнда қазақтың дәстүрлі әуендері шырқалып, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мерекеге Өзбекстан мен Қырғызстаннан елген қонақтар да қатысып, ұлттық спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылды.

Шаттық күні аясында сондай-ақ, түрлі бұйымдар мен тәтті тағамдардың жәрмеңкесі өтті. Қала əкімінің орынбасары Данат Жуминнің айтуынша, алдағы кезде шым шаһардың Арбатында осылай тұрақты жəрмеңке өтіп тұрмақ. Онда арнайы сауда нүктелері қойылып, қолөнер шеберлерінің бұйымдары мен тəтті тағамдар саудаланатын болады. Қаладағы кəсіпкер қыз-келіншектердің шағын кəсіппен айналысуына қолдау көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар