Шарын ұлттық паркінде таутекелер фототұзаққа ілінді

Фото:
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркін мекендейтін екі таутеке фототұзаққа ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шарын МҰТП тау үстінде сүзісіп жатқан екі таутекенің видеосын Instagram-ға салды.


«Бұл Шарын МҰТП аумағындағы Үлкен Бұғыты тауында орнатылған фототұзаққа іліккен таутекелер. Фототұзақ өткен жылы күзгі есепті жүргізу кезінде Зоология институтының мамандарымен бірлесе орнатылған болатын», - деп жазды Шарын ұлттық паркі желіде.
Сонымен қатар, Шарын МҰТП 2022-2023 жылдар аралығында фототұзаққа іліккен таутекелердің суреттерін жариялады.


Айта кетейік, таутеке (лат. Capra sіbіrіca) – қуысмүйізділер тұқымдасына жататын жұптұяқты жануар. Таутекелер Қазақстанда Тянь-Шань, Жетісу (Жоңғар) Алатауы мен Оңтүстік Алтайда құз жартастар арасында мекендейді.

Соңғы жаңалықтар