Шарын ұлттық паркінде автоматпен қарақұйрық атқан браконьер ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шарын ұлттық паркінде қарақұйрықты заңсыз аулаған браконер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ҚР АШМ Орман шаруашылық және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет жазды.

«2019 жылдың 3 маусымында сағат 18.00-де Шарын мемлекеттік табиғи паркі аумағында мемлекеттік инспекторлар мотоцикл мінген күдіктіні байқаған. Ұлттық парктің жедел тобы оны тоқтатқысы келгенмен мотоциклі заңды талаптарға бағынбаған. Сондықтан, Ұйғыр аудандық полиция қызметкерлері шақырылды. Полиция мен ұлттық парк қызметкерлерінің бірлесуімен Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шарын ауылының 1989 жылы туған тұрғыны ұсталды. Оның «Honda» маркалы мотоциклінде мемлекеттік тіркеу нөмірі болмаған», - деп жазды С. Ділдахмет әлеуметтік желіде.

Күдікті ұсталған маңнан 12 оғы бар «АК-103» маркалы автомат қаруы мен қарақұйрықтың еті табылды.

«Тергеу барысында күдікті Шарын ұлттық паркінің Темірлік аумағынан қара пакетке оралған 20 оғы бар «АК-103» маркалы автомат қаруын тауып алғанын айтты. Осы арқылы жабайы аңдарды аулағысы келген. Бұл факт Ұйғыр аудандық полиция бөліміне тіркелді. ҚР Қылмыстық Кодексінің 287-бабы, 3-бөлігі және 337-бабы, 4-бөлігі, 1,2 тармақтары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала есеп бойынша, заңсыз аңшылықтан келген шығын 7 575 000 теңге болған», - деп жазды комитет өкілі.

Соңғы жаңалықтар