Шарын шатқалындағы сел: 11 жастағы қыз оншақты күн ем қабылдайды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Дәрігерлер Шарын шатқалында болған апаттан аман қалған 11 жастағы қыздың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығының бас дәрігерінің орынбасары Алуа Жексенованың айтуынша, ауруханаға әкелінген 11 жастағы оқушының жағдайы орташа ауыр болған.

«Баланың келген кездегі жағдайы орташа ауыр болды. Қабылдау бөлімінде мамандандырылған көмек көрсетіліп, Нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылды. Оған мидың жабық жарақаты, мидың шайқалуы, орташа ауырлықтағы гипотермия, қолы және аяғының көп жері соғылған деген диагноз қойылды. Қазір жағдайы тұрақты», - деді Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығының бас дәрігерінің орынбасары Алуа Жексенова.

Оның айтуынша пациент 7-10 күннің аралығында ем қабылдайды.

Естеріңізге сала кетсек, 29 мамыр күні Алматы облысының Шарын шатқалында сел жүріп, 2 адам мерт болып, 1 адам із-түзсіз жоғалғаны, тағы 6 адам зардап шеккені хабарланған болатын.

Кейін Білім және ғылым министрлігі аталған оқиға салдарынан 1 оқушы мен 1 мұғалімнің қаза тапқанын, тағы бір оқушыны іздеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлім еткен еді.

«Шарын шатқалы» қызметкерлері Шарын өзенінің бойын жағалай жер бетінде іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында 30 мамыр таңғы сағат 09:34-те 2010 жылы дүниеге келген қыз баланы тапқан болатын.

Ол Шарын өзенінің сол жағалауында оқиға орнынан 3-4 шақырым жерден табылған.

Шарын шатқалында селге аққан қыз бала құтқарылған сәт бейнеленген видео жарияланды.


Шарын шатқалында жоғалған 11 жастағы қыз бала оқиғаның қалай болғанын айтып берді.


Алматы қалалық білім басқармасы Шарын шатқалына экскурсия мектеп әкімшілігімен келісілмегенін жеткізді.



Соңғы жаңалықтар