Шарын шатқалындағы оқиға: Саяхат мектеп әкімшілігімен келісілмеген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шарын шатқалындағы қайғылы оқиғаға байланысты тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл жайында ҚР БҒМ Балалар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ата-аналары мен жақындарына көңіл айтамыз. Оқиғадан Бала мен мұғалім көз жұмды. Мұндай жағдайда комитеттің жанында «Бала қорғау» телеграмм-чаты жұмыс істейді. Қазіргі уақытта тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Алматы облыстық полиция департаменті бұл сапарды «Раджаби» ЖШС туристік агенттігі ұйымдастырғанын анықтағандығын ғана айта аламыз. Туристер құрамында Алматының №199 мектебінің 5 сыныбын оқитын 8 оқушы, 5 ата-ана және 3 мұғалім болған. Бұл әрекеттердің барлығы, саяхат мектеп әкімшілігімен келісілмеген», - деді комитет төрағасы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.

Оның атап өтуінше, демалыс және саяхат өткізу жөніндегі әдістемелік құралға сәйкес, қауіпсіздік техникасы ережелері көзделген, сонымен қатар балалар тобымен ілесіп жүретін нұсқаушы болуы тиіс.

Сонымен қатар Есенғазы Иманғалиев осы қайғылы оқиға байланысты министр ведомствоаралық комиссияның кезектен тыс отырысын жарияланғандығын атап өтті.

Естеріңізге сала кетсек, 29 мамыр күні Алматы облысының Шарын шатқалында сел жүріп, 2 адам мерт болып, 1 адам із-түзсіз жоғалғаны, тағы 6 адам зардап шеккені хабарланған болатын.

Кейін Білім және ғылым министрлігі аталған оқиға салдарынан 1 оқушы мен 1 мұғалімнің қаза тапқанын, тағы бір оқушыны іздеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлім еткен еді.

«Шарын шатқалы» қызметкерлері Шарын өзенінің бойын жағалай жер бетінде іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында 30 мамыр таңғы сағат 09:34-те 2010 жылы дүниеге келген қыз баланы тапқан болатын.

Ол Шарын өзенінің сол жағалауында оқиға орнынан 3-4 шақырым жерден табылған.

Шарын шатқалында селге аққан қыз бала құтқарылған сәт бейнеленген видео жарияланды.

Шарын шатқалында жоғалған 11 жастағы қыз бала оқиғаның қалай болғанын айтып берді.

Алматы қалалық білім басқармасы Шарын шатқалына экскурсия мектеп әкімшілігімен келісілмегенін жеткізді.


Соңғы жаңалықтар