+7 (701) 759 90 19
USD 425.37 EUR 492.66
RUB 5.97 CNY 66.15
Jańalyqtar

Шаруашылық басшысы 23 млн теңгенің бидайын ұрлап жатқан кезінде ұсталды - СҚО

2020 жылғы 23 желтоқсан 14:13
Бөлісіңіз:
Шаруашылық басшысы 23 млн теңгенің бидайын ұрлап жатқан кезінде ұсталды - СҚО

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында астық қабылдау пунктінен 23 млн теңгенің бидайын ұрламақ болған күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Сәтбаевта бес жасар қызды зорлау оқиғасы: Сотталғандар жазасын жеңілдетуді сұрап отыр Өткен аптада Қазақстанда 3059 қылмыс тіркелді Жамбыл облысында жыл басынан 3 тоннадан астам есірткі тәркіленді

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Жамбыл ауданында болған. Түнде тәртіп сақшылары «Шатило и К» ЖШС- нің астық қабылдау пунктінде тіркемесі бар 8 «КамАЗ» көлігін көреді.

Бидайды көліктің жарығын сөндіріп тастап тиеп жатқаны полицейлердің күдігін тудырған.

Ұрлық жасады деген күдікпен осы шаруашылық басшыларының бірі ұсталды. Қазір ол Жамбыл аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторында отыр. Ұрланған өнім иелеріне қайтарылды.

Тәртіп сақшылары ірі көлемде ұрланған астыққа қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Келтірілген шығын көлемі – 23 млн теңге. «Шатило и К» ЖШС-гі «Атамекен-Агро» ЖШС-нің еншілес компаниясы. Қазіргі уақытта бұл ұрлыққа ЖШС-нің басқа басшыларының қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Тергеу барысында желтоқсан айының басында кәсіпорынның қоймаларынан бұған дейін де осындай жолмен бидай ұрланғаны анықталды.

190 тонна астық Ақмола облысындағы элеваторға өткізілген.

«Тергеу барысында ұрланған өнімнің кімге өткізілгені белгілі болды.

Күдіктінің үйінен конверттерге салынған ірі көлемде ақша табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта «КамАЗ» көліктері мен алынған құжаттар тексеріліп жатыр», - дейді Жамбыл аудандық полиция бөлімінің бастығы Асан Мейрамов.

Қылмыстық істің тергеу барысын облыстың бас полицейі мен прокуроры бақылауға алды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT